Алматыда аялдамада қарт әйелді ер адам аяусыз соққыға жыққан

Oinet.kz 24-04-2026

Алматыда аялдамада егде жастағы әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды.

 image.png

Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз ер адамның қарт әйелге еш себепсіз тап беріп, оны ұрып жатқан сәті бейнеленген. Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырып, желі қолданушылары кінәліні қатаң жазалауды талап етті.

 “Kozachkov offside”-дың жазуынша кейін полиция аталған оқиғаға қатысы бар күдіктіні ұстағанын мәлімдеді. Ол – 26 жастағы Илья Теренов. Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін абайсызда адам өлтіру бабы бойынша сотталып, екі жылға бас бостандығынан айырылған.

Қазір бұл дерек бойынша «Бұзақылық» бабы аясында қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қысым көрсетіп, ақша талап еткен: Шымкентте қылмыстық топ әшкереленді
Ақтөбеде бейтаныс әйел қызды оңаша жерге шақырып, ертіп кетпек болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу