Ақтөбеде бейтаныс әйел қызды оңаша жерге шақырып, ертіп кетпек болған

Oinet.kz 24-04-2026

Ақтөбе қаласындағы Нұр-Сити-2 шағын ауданында орналасқан №23 үйдің ауласында кішкентай қызға қатысты алаңдатарлық жағдай тіркелді.

image.png

Алдын ала мәліметке сәйкес, бейтаныс әйел аулада ойнап жүрген баланы алдап, өзімен бірге алып кетуге әрекет жасаған. Ол қызға «сақина мен басқа да заттар беремін» деп уәде беріп, оңаша жерге шақырып, соңынан ертуге тырысқан.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті балаға күмәнді сұрақтар қойып, оның сеніміне кіруге ұмтылған. Бастапқыда қыз барудан бас тартқанымен, кейін әйелдің соңынан ерген. Алайда қорыққан бала қолайлы сәтті пайдаланып, қашып шығып, жақын маңдағы дүкенге кіріп, қауіпсіз жерге жасырынған.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ауладағы камералар жұмыс істемегендіктен, жазба дүкен ішіндегі құрылғыдан алынғаны белгілі болды.

Аталған жағдайға байланысты облыстық полиция департаменті тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Жедел шаралар барысында әйелдің жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Алматыда аялдамада қарт әйелді ер адам аяусыз соққыға жыққан
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу