Туған жердің төл перзенті ауданнан балалар алаңшасын ашты

Oinet.kz 22-08-2021 687

Screenshot_13.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында кәсіпкерлерге туған жерге ту тігіп, көмек көрсету керектігін айтқан болатын. Әсіресе ауылда өсіп келе жатқан балаларға демеу беру - өте маңызды. Себебі бүгінгі бала - ертеңгі ел келешегі. Олар -қоғамның болашақ негізгі қозғаушы күші. Ал қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіші – адам денсаулығы. Спорт – денсаулық кепілі, ал денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақ – ел болашағы.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жыл сайын Түркістан облысы, Шардара ауданында көптеген нысандар ашылуда. Осы тұрғыда бүгін “Шардара Армспорт” клубының ұйымдастыруымен Шардара қаласы, Мелдеби мөлтекауданында  орналасқан "Тәуелсіздік" саябағынан 500 шаршы метрлік балалар арналған ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Нысанның құрылысына демеушілік жасаған Шардара аудандық мәслихатының хатшысы Арман Қарсыбаевқа аудан тұрғындары алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, ойын алаңының ашылғанына қуанып асыр салып ойнап жүрген бүлдіршіндер де  дән риза болысты. 

Шардара ауданының басқа да өңірлерінен осындай спорттық және балалар  ойын алаңшалары ашылатын болса, “Ел болашағы жастар”- демекші, Еліміз болашақта сонау Еуропа елдерімен теңесетіні сөзсіз.

«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында шардаралықтар қуанышқа бөленді
Ұлы Отан соғысы ардагерінің мерейі тасыды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу