«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында шардаралықтар қуанышқа бөленді

Oinet.kz 13-08-2021 549

Screenshot_12.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында кәсіпкерлерді туған жерін түлетуге шақырған болатын. Себебі Ауылды дамыту - перзенттік парыз. Әрбір адам - туған жерінің перзенті. Өзін "өсіріп, бағып-қаққан" ауылға құрмет көрсету - азаматтық парыз. Және де ауылға мемлекет тарапынан да барынша қолдак көрсетіледі. Әсіресе ұлан-байтақ жерді алып жатқан елімізде ауылдарды бір-бірімен байланыстыру, қалаларға еш қиындықсыз қатынау басты назарда. 

Осы орайда Шардара ауданы, Көксу ауылдық округінде жол жөндеу жұмыстары қолға алынған. Көксуда жалпы 17,05 шақырымды құрайтын 19 көше орналасқан. 2010 – 2021 жылдар аралығында 19 көшенің 18-і (16,0 шақырым) орта жөндеуден өтіп, асфальттан төселген. Яғни 95 % құрап отыр.

Сондай-ақ, 2020 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен 8 көше орта жөндеуден өткізілген. Олар: С.Сейфуллин (0,99 км), А. Иманов (0,750 км), Ж.Жабаев (1,050 км), А.Құнанбаев (0,60 км), Халықтар достығы (0,320), М. Әуезов (0,650 км), № 2 жобадағы көшесі (1,4 км) және ауылға кіре беріс көше (2,1 км).

Ал ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматы (1,3 км) және К.Ендібаев көшелері (0,90 км) орта жөндеуден өтті. Сонымен қатар Көксу ауылындағы ұзындығы 0,9 шақырымды құрайтын А.Құнанбаев көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілді. 

Түлкібас жастарына туған жер тарихы насихатталды
Туған жердің төл перзенті ауданнан балалар алаңшасын ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу