«Қарапайым заттар экономикасында» қала кәсіпкерлері белсенділік танытуда

Oinet.kz 22-08-2019 632

Түркістан облысы

Бүгінгі таңда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырудан Түркістан көш бастап тұр.

Өңдеуші кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешендеріне мемлекет «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 600 млрд теңге бөлген болатын.

Бағдарламаны орындау бойынша Түркістан қаласының кәсіпкерлері белсенділік танытып 36 жоба ұсынды. Бұл тек 1 айдың қорытындысы екендігін есере кету қажет. Агроөнеркәсіптік саласының кәсіпкерлері өте белсенді. 206 жобаның 117-сі осы салаға тиесілі. 

Бүкіл қаржы ұйымдардың арасында агроөнеркәсіптік кешенге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жауапты екені атап өткен жөн. Жеке кездесулерден соң, бүгінгі таңда сомасы 8,9 млрд. теңгеге 16 жоба мақұлданды. Сондай-ақ жиында «Даму» ККҚ АҚ филиалы тарапынан жобаларды уақытылы субсидияландыру мәселелері қозғалды. Бұл мәселеге байланысты облыс әкімінің орынбасары филиал басшылығына пайыздар бойынша өтінімдерді жеделдетілген түрде қарастыруға тапсырма берді. Айта кетейік, Елбасы тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың наурыз айында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жұмысын бастаған болатын. ҚР Үкіметі бағдарлама бойынша халық тұтынатын тауарларды, шикізатты және бастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндірілуіне қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ, Жобалау тобы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері аудандарда және қалаларда жергілікті кәсіпкерлермен жеке кездесулер өткізді. Белгілі болғандай, бұл әдіс қысқа мерзім ішінде өз жемісін берді. Аталмыш бағдарлама бойынша бүгінгі күннің өзінде ілгерілеу байқалуда, сомасы 927 млн. теңгені құрайтын 18 жоба қаралуға түскен.

Азық-түлік белдеуін қалыптастыру қолға алынды
Кәсіптің дамуында кедергі болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу