Кәсіпкерлердің қаржысы есебінен сауықтыру орталығы бой көтерді

Oinet.kz 09-10-2019 810

Znalezione obrazy dla zapytania кәсіпкер

Түркістан - түркі елінің астанасы. Түркістан баршамызға ондағы діни кесенелер мен тарихи орындардың көптігінен белгілі. Түркістан десе кез келгеніміздің есімізге күлімдеген мейірімді жандар елестеджйі. Оның себебі айтпаса да белгілі болар, қалада қайырымдылыққа жаны жақын азаматтар баршылық.

Жуырда Сырым Ертаев, Инара Намазбаева сынды кәсіпкерлердің қаржысы есебінен сауықтыру орталығы бой көтерді. 16 орынға лайықталған заманауи ғимаратта күнделікті 10 сағатқа жуық уақыт жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Үздіксіз қозғалысты қажет ететін қимылдарды іске асыру үшін 3 жаттықтырушы көмек көрсетіп отыр. Ғимарат маңынан қосымша су процедурасына арналған жабық бассейннің іргетасы қаланған. Шаһар басшысы Рашид Аюпов жаңа орталық маңынан қала әкімдігі тарапынан 1 гектар жерге саябақ салынатындығын айтты.
Сөз соңында облыс орталығындағы инватакси көлігінің қызметіне көңілі толмайтын жігерлі жан пандус мәселесіне де көңіл бөлінсе деген ойын жеткізді. Себебі, арнайы көліктер көбіне диалез аурына шалдыққан науқастарды тасымалдайтын көрінеді, ал оған бөлек көлік бөлінуі керектігін айта-айта шаршаған-ды. Қалада бірнеше ғана пандус талапқа сай екендігіне тоқталып, мектептерге барсаң құлып салынған, кейбір дүкендердің пандусына кедергілер қойылғанын сынға алды.

Былғары аяқ-киім өндірісі дамиды
Тігін цехын ашып, мүмкіндігі шектеулі азаматшаларды жұмыспен қамтыды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу