Кәсібін ашуға ниет білдірушілер көп

Oinet.kz 06-10-2019

Түркістан қаласына қарасты кәсіпкерлік бөліміне кәсібін ашу мақсатында келушілер көп. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы осы секілді кәсібін ашамын деп жүрген ниеттілерге қолдау көрсететін бағдарламалардың көп екендігін айтады. 

Жаңадан ашылғалы тұрған "Ғажайып" фабрикасы қамырдан консервіленген немесе мұздатылған өнімдерді, оның ішінде макарон өнімдерін, жартылай фабрикаттарды өндіруді көздеп отыр. Осы мақсатта кәсіпорын "Атамекен" кәсіпорлық палатасының ықпалымен құрылған Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасының көмегіне жүгінген. Бағдарлама арқылы жаңадан ашылғалы тұрған кәсіпорын 40 млн. теңге бастамасын алмақ. 

Астық, ұн өндірісі бойынша Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы мемлекет болып саналады. Бүгінде республикада осы ұн өнімдерін өндіру  ісі өркендеп келеді. Бүгінгі таңда көп адамдардың  салауатты өмір салтын ұстанып, пайдалы ас ішуге ұмтылуы да көкейкесті мәселе болып шықты. Әлбетте, әр түрлі аурумен ауыратын жандар да көп. Бірақ пайдалы өнімдер өте аз. Бұл олқылық та бизнес-идеяны жүзеге асыруға түрткі болды.

Макарон, кеспе, жайма және ұн өнімдерін шығару серіктестік үшін жақсы бастама, себебі бұл іс Түркістан қаласында енді дамып келе жатқан әстердің бірі. Түркістан көркейіп, бірте-бірте еліміздің көкжиегіне жол тартып келе жатқан жас қала. Қалада кәсіп ашу қазіргі уақытта тұрғындар үшін ең ұтымды шешім болмақ. Себебі қай салада болмасын қазір қала адамдары кәсіп ашуға қол жеткізуге мемлекет тарапынан шексіз қолдау ала алады. 

«Сайдигани» кәсіпорны әлемдік нарыққа шығуға ниетті
Мақта өндірісі де шет қалмақ емес

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×