Мұхтар Құл-Мұхаммед министр болып Астанаға қызмет ауыстырды

Oinet.kz 30-12-2008 758

Screenshot_1.jpg

Тышқан жылы туғандар 2008 жылды әрқалай өткізді. Бірінің шаттығы тасып,  қуанышқа бөленсе, енді бірі күтпеген тосын жағдайларға ұшырап жатты.  Әңгімемізді Астанадан бастасақ. 

Тышқан  жылы дүниеге келген министр Мұхтар Құл Мұхаммед үшін 2008 жыл тынышсыз болды. 28 ақпан күні Жалағаш ауылының  маңында Ми-8 тікұшағы апатты жағдайға ұшырайды. Зардап шеккен  18 адамның қатарында  сол кездегі Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед те бар еді. Апаттың салдарынан 5 адам көз жұмып, қалғандары ауруханаға түседі. Дәрігерлердің берген анықтамасы бойынша, аймақтың басшысы көптеген жарақаттар алып, миы шайқалған. Осы оқиғадан соң көп кешікпей Мұхтар Құл-Мұхаммед Мәдениет және ақпарат министрі болып  Астанаға қызмет ауыстырды.

Ғалымжан Елшібай, 

"Жас Алаш" газетінің меншікті тілшісі

Көксарай: Көршілер келісе алмаған соң қолға алынған жоба
Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын Омарбек Нұржанов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу