Берік Торғауытов: «Бәрі жақсы, мазаланатын ештеңе жоқ»

Oinet.kz 30-12-2008 1103

Screenshot_8.jpg

«Бардың малын шашқызып, жоқтың артын ашқызып», одан кейін өмір тоқтайтындай өліспей-беріспейтін талай сайлауды өткізіп келе жатқан, қаншама жылдан бергі облыстық сайлау комиссиясының төрағасы һәм санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Берік Торғауытов тышқан жылының «түлегі». «Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына пара алу фактісі бойынша айып тағылып, қылмыстық іс қозғалыпты» деген гу-гу әңгіме күздің ортасында лезде тарап кетті. Алайда, Бекең түк болмағандай  соңғы кезде бұрынғыша қызмет атқарып, маңызды-маңызды  жиналыстарға қатысып жүр. Мәселенің мән-жайын басқадан емес, «кейіпкердің» өзінен сұраған едік. 

 - Бәрі жақсы, мазаланатындай ештеңе жоқ. Менен осы жайлы көп сұрап жатыр. Жұмыс істеп жатырмыз,-дейді ол.  

- Сізге қатысты қылмыстық іс қалай жүріп жатыр? 

 -Айтып отырмын ғой бәрі дұрыс деп. 

- Жаңа жылды қандай көңіл күймен қарсы алып жатырсыз?

- Енді, қызметімізге байланысты жұмыстың барлығын атқардым. Жұқпалы ауруларға байланысты эпидемиологиялық жағдайды қалыпты деңгейде ұстадық. 

- Сізге қатысты қылмыстық істің қозғалуына сайлаудың кесірі тиді ме?

- Ол да мүмкін. Оны  қалай жоққа шығарасың? Сайлау бойынша достар бар дейсіз бе? 

"Рейтинг" газеті (2008 ж)

Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын Омарбек Нұржанов
Орынбай Рахманбердиев, сенатор: «Ар-ұяттары білсін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу