Ауруханалар індетпен күреске дайын

Oinet.kz 30-03-2020 549

 5e7d99853ba91.jpg

Түркістан облысында коронавирус індетімен ауырған науқастарды емдейтін 2 аурухана дайын. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Облыста  коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында тиісті шаралар қолға алынған. Аталған індетпен ауырған науқастарды жатқызу үшін инфекциялық стационарларда 100 төсек-орын дайындалған. Сондай-ақ, коронавирустық инфекциясына ұқсас белгілері бар науқастарды жатқызу, диагноздарын анықтау үшін 240 төсек-орынға провизорлық госпитальдар қарастырылған. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Жамалова мәлімдеді.

Оның сөзінше, барлық аудандар мен қалалардағы инфекциялық аурулар бөлімдері дайындық жағдайына келтірілген. Бүгінде ауырғандармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау үшін аймақта жалпы 505 төсек-орын болатын обсервациялық орталықтар дайын тұр.

«52 дәрігер, 138 орта буын және 147 кіші буын қызметкерлері жоғарыда аталған стационарларда қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қажеттілігі бар 24 дәрігер, 5 орта буын мен 5 кіші буын қызметкерлері туралы мәлімет ұсынылды», – деді облыстың бас дәрігері.

Барлық медициналық ұйымдарда коронавирустың клиникасы, емдеу және диагностикалау тақырыбында 2 реттен семинар өткізілді. Аула аралау жұмыстары жүргізілуде. Барлық үй карантининдегі азаматтарға бақылау жүргізіліп жатыр.


Бағаны тұрақтандыру жұмыстары жүргізілуде
Жетісайда бір мөлтекаудан мен бір ауылда карантин жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу