Жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр

Oinet.kz 23-04-2020 589

На изображении может находиться: на улице

Төтенше жағдай кезінде Түлкібастағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Карантин жұмысқа қолбайлау болмауы керек. Барлық мүмкіндікті қарастыра отырып, жұмысты жүйелеген жөн.  Қайта осындай сәтте өзге өңірлерден келіп, үйінде бос жатқан қолынан іс келетін мамандарды көптеп еңбекке тарту жағын қарастырған дұрыс. Дегенмен, азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс.  

Түлкібас ауданында елді мекендердің ішкі көшелерін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Соның бірі аудан орталығынан шалғай жатқан Жабағылы ауылындағы Е.Жартыбаев көшесі.

Аудан әкімі Н.Тұрашбековтың округ тұрғындарының алдында берген есебінде көтерілген бұл мәселе, көп уақыт ұзамай жемісін беруде. Жалпы ұзындығы 1,2 шақырым құрайтын жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда 40 пайызға аяқталды. Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні ел игілігіне пайдалануға берілмек.

Түлкібаста 9 мыңға тарта гүл көшеттері егілді
Құрылыс жұмыстары Шөкеевтің жіті бақылауында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу