Құрылыс жұмыстары Шөкеевтің жіті бақылауында

Oinet.kz 23-04-2020 614

Screenshot_2.png

Түркістан қаласында салынып жатқан құрылыс нысандары бекітілген мерзімінде аяқталады. Қаланы абаттандыру жұмыстары да кестеге сай жүріп жатыр. Бұл туралы шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыстың карантиндік режимге сай жүруін бақылап шыққан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты мәлімдеді.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауныша, қала құрылысшыларының жұмыс орындарына келіп-кетуіне жағдай жасалған. Тосқауыл жоқ. Мәселе облыс басшысының жіті бақылауында. Тек құрылысшылар жұмыс барысында тиісті барлық сақтық шараларын қатаң ұстануы тиіс. Сонымен қатар, барлығы күнделікті медициналық тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда құрылыс компаниялары қосымша жұмыс күшін тарта алады.

«Түркістан облысында енгізілген карантиндік режим құрылыс жұмыстарына кедергі келтірмейді. Елдегі болып жатқан ахуалға қарамастан, қала аумағындағы бірде-бір нысандағы жұмыс тоқтатылмайды. Қауіпсіздік шарасын да қатаң ескереміз. Адамның саулығы бірінші кезекте. Жұмыс күшімен толық қамтамасыз етіп, жұмыстан босаған азаматтарды табыс көзімен қамту үшін қалалық әкімдік Нұр-Сұлтан, Алматыдағы құрылыстардан босаған мамандарды жұмысқа шақыра алады. Олардың өңірімізге тосқауылсыз жетуін қамтамасыз етуге көмек береміз»,-деді облыс әкімі.

Айта кетері, Түркістан обылысында 19 сәуірден бастап карантин режимі енгізілді. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғап, халық арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатында қатаң шектеулер қойылды. 


Жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр
Залалсыздандыру өткелдері орнатылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу