Шағын және орта кәсіп экономиканың негізін құрауышы

Oinet.kz 29-04-2020 487

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС САЛАСЫ БОЛАШАҚТЫҢ КӘСІБІ » Сыр медиа

Елімізде бүгінгі күні шағын және орта кәсіп түрлерін қолдау мақсатында шексіз мүмкіндіктер ұсынуда. Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнес түрлеріне ерекше басымдық беріледі. Себебі кәсіптің бұл түрлері бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жақсы жәрдемдеседі.

Шағын бизнестің негізгі функциялары - бұл  көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жэрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі, әсіресе, бүгінгі жаһанда коронавирус індетіне туындап отырған орын алуы ықтимал әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады. Бұл тұста кәсіпкерлікке еліміздің оңтүстігіндегі қазығұрттықтар да назар аударып отыр.

Соңғы жылдары Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны артып келеді. Мәселен өткен жылы жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 10151 бірлікке жетіп, одан жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 9816 бірлікті құрап, жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 96,7% құрады. (2019ж. жоспар 92,0%). Осы бағытта аудан аумағында 11795 адам жұмыспен қамтылып, өндірілген өнім көлемі 69 801,5 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,6% артқан.

Шағын және орта бизнестің дамуына әрине жеңілдетілген несие қажет. Осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен қаржы ұйымдары арқылы 2019 жылы 4881 тұлғаға 3508,1 млн. теңге несие берілді. Негізгі басым бағыты – ауыл шаруашылық саласын құрауда.

Сондай-ақ кәсіп ашсам деушілерге 6 пайыздық несие мен қайтарымсыз берілетін қаржының көмегі орасан болып отыр. Айталық, былтырғы жылы ауданда 264 азамат «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» және «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жалпы сомасы 876 млн 325 мың теңге несие алып, кәсіп ашқан. Оның ішінде 19-ы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 69-ы жастар, қалғандары көпбалалы отбасылар саналады.

Әлеуметтік — экономикалық қүбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнінде экономикалық — құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бірақ, шағын және орта бизнестің, яғни кәсіпкерліктің негізі адам қызметінің экономикалық танымында жатыр. Сондықтан да тұрғындардың, оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың кәсіп ашып, пайда көзін арттыруға деген қызығушылығы артуы да шағын және орта кәсіптің едәуір алға жылжуына ықпал ететіні анық.

Аталмыш бағдарламалар аудан экономикасын ілгерілетуге түрткі болды. Атқарылған жұмыстар аудандағы кәсіпкерлікті жаңа деңгейге шығарды.

Мемлекетті бағдарламалардың қолдау құралдары арқылы Қазығұртта шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. Атап айтқанда 2019 жылы жалпы құны 1223,9 млн. теңгелік 32 шағын жобалар іске қосылып, 195 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Атап айтар болсақ, олар сауда орталықтары, азық түлік дүкендері, балабақшалар, медицина орталығы, жиһаз дүкені, техникалық жөндеу орталығы, монша және т.б. мекемелер болып табылады.

Өңірде шағын және орта кәсіпті арттыруда маңызды рөлді  ауыл шаруашылық саласы атқарып келеді. Себебі елдің оңтүстігінде орналасқан бұл өңірдің климаты ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге оптималды нұсқа болып табылады. Алайда тек ауыл шаруашылығы ғана емес, өңірдегі шикізат кәсібіне жағдай жасайтын индустриалды аймақ та айрықша рөл ойнайды.

Бүгінде Қазығұрт ауданында шағын және орта кәсіп экономиканың негізін құрауышы есептеледі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтық шаруышылықтың бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, аймақтағы жұмыс орындарын арттырып, жұмыссыздықтың азаюына да мейілінше мүмкіндік жасайды.

Суармалы жерлер аумағы 1115 гектарға ұлғаяды
Түркістан инвестиция салу үшін тиімді аймақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу