Түркістан инвестиция салу үшін тиімді аймақ

Oinet.kz 30-04-2020 540


Screenshot_4.png

Қазіргі таңда Түркістан облысы инвестиция салу үшін өте тиімді аймақ саналады. Өңір стратегиялық маңызды әрі, бизнесті жүргізіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау мен инвестициялық ынталандыру үшін де өте қолайлы аймақ.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы инвестиция тарту қарқынының 138,5% көрсеткішімен ел көлемінде 2 орынға ие болды. Жалпы, былтыр өңірге 441 млрд.теңге инвестиция салынған. Бұл туралы Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кету керек, биыл қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 185,9% құрап отыр.

Сондай-ақ, сыртқы инвестициялардың айтарлықтай өсуі байқалады. 13,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 87% - ға жоғары.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 1-тоқсанында облыстың негізгі капиталына 56,8 млрд.теңге бағытталған. Ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 141,3% -ға жоғары.

Қазіргі уақытта "Turkistan Invest" өкілдері Түркістан облысының экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдаған шетелдік инвесторлар үшін инвесторлық визаларды рәсімдеуде көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Компания аймақ инвесторларына жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуде.

Мысалы, 2020 жылдың 1-ші тоқсанында "TURKISTAN INVEST" компаниясымен бірге жалпы құны 23,18 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылды. Соның арқасында 197 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 1,7 млрд. теңге сомасына 5 жоба өнеркәсіп саласында, 21,5 млрд.теңге сомасына 2 жоба энергетика саласында іске асырылды.


Шағын және орта кәсіп экономиканың негізін құрауышы
Биыл 97 инвестициялық жоба іске асырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу