Түркістанда ПТР-тест жүргізетін 10 зертхана жұмыс істеуде

Oinet.kz 12-11-2020 3270

Screenshot_11.jpg

Түркістан облысында оттегі стансасының саны 2 есе артып, 8-ге жетіп отыр. Сондай-ақ 80 бірлік оксигенация аппараты сатып алынды. От­тегі концентраторларының саны 890 бірлікке жетіп, өсім 95%-ды құрады. Оттегі нүктелерінің саны 9,7 есеге артып, 205-тен 2005 нүктеге дейін ұлғайды. Биыл облыстық бюджет есебінен 1 компьютерлік томограф пен 3 сан­дық рентген аппараттары орна­тылды.  Облыстық Қоғамдық ден­сау­лық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, өңірдегі медициналық мекеме­лерде өкпені жасанды тыныстандыру аппараттарының саны 178-ден 332-ге дейін артып, өсім 46,4% болған. 

    Өңірде  коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін тұрақты негізде 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсектік орын ұйымдастырылған. Пандемияның түрлі сценарийіне байланысты төсектік орнын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Медициналық ұйымдарда орналасқан зертханалар тәулігіне COVID-19-ды анықтау үшін 5 мың тест өткізуге дайын. Облыс бойынша тәулігіне ПТР-тест жүргізетін 10 зертхана жұмыс істеуде. Өңірде пандемия басталғалы күні бүгінге дейін барлығы 240 мыңға жуық тест өткізілген.

Сонымен қатар облыстағы медициналық ұйымдардың пульсоксиметрмен қамтамасыз етілуі 190-нан 3 879-ға дейін жетіп, 95,1%-ға артқан. Коронавирус ин­фек­циясының екінші толқы­ны­на дайындық мақсатында облыстың медициналық ұйымдары дәрілік заттармен толық қамтамасыз етілген. Екі айлық қор қалып­тас­тырылған. Облыс бойынша қазіргі таңда бір адам корона­ви­руспен стационарлық ем қа­был­дауда, ал амбулаториялық жағдайда ем қабылдаушылар – 18. Қарым-қатынаста болған 116 адам – медициналық бақылауда. 


Індетпен күрескен мамандарға төлемақы берілді
Түркістан облысына 12 жылжымалы медицина кешені берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу