Түркістан облысына 12 жылжымалы медицина кешені берілді

Oinet.kz 12-11-2020 3280

Screenshot_12.jpg

Індеттің таралуына қарсы күрес шараларының аясында Түркістан өңіріндегі денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-тех­никалық базасы жаңартылуда. Мысалы, жуырда облыстың шал­ғай ауылдары 12 жылжымалы медициналық кешенмен, жедел жәрдем стансасының паркі 13 реанимобильмен толықты. Облыстық жедел-жәрдем қыз­метін жыл соңына дейін 122 автокөлікпен жабдықтау көз­делген. Бұл медициналық жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік береді. Ал шалғай аудандар жылжымалы медициналық кешенмен толық қамтамасыз етіліп отыр. Көшпелі аурухана аудан орталығынан 100-200 шақырым жердегі ауылдарға барып, тұр­ғын­дарға қызмет көрсететін болады. Бұл өз кезегінде ауыл тұр­ғындарының медициналық қыз­меттерге қолжетімдігін арт­тырары анық. "жылжымалы медицина кешендері заманауи медициналық кешен флю­рография, уль­тра­ды­быс­тық аппарат, зерттеулерге арналған анализаторлар, офтальмоскоп, глюкометр және тағы басқа құралдармен жабдықталған. Дәрігерлер азаматтарды то­лық тексеру­ден өткізіп, ауру­­ды дер ке­зін­­де анық­тай ала­ды. Барлық емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмектің 2-3 ай­лық қоры қам­­та­­масыз етілген",- дейді облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов.


Түркістанда ПТР-тест жүргізетін 10 зертхана жұмыс істеуде
Шардара ауруханасы 10 оттегі концентраторымен толықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу