Шағын және орта бизнес – қала экономикасының драйвері

Oinet.kz 05-03-2021 800

Screenshot_29.jpg 

Қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуының драйвері  -  шағын және орта бизнес екені анық.  Шымқалада жалпы өңірлік өнімнің үштен бір бөлігін шағын және орта кәсіпкерлік өндіреді. Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында мемлекет тарапынан көптеген қолдау бағдарламары қабылданып, оның орындалуы Президенттің, Үкіметтің тікелей бақылауында тұр.

Осы орайда Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары қарқынды  жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.  «Банк несиелерін ішінара кепілдендіру бойынша 600 миллион теңге бөлінген, оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына – 400 миллион теңге, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына – 200 миллион теңге бөлінді, - деді басқарма басшысы. 

Қала бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтудың қазіргі таңдағы негізгі бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуды, салық түсімдерін ұлғайтуды және қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы 5 жылдықта Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өңірлік өнімдегі үлесін 50%-ға жеткізу тапсырылған болатын. 


Қауіпсіз қала
Автожолдарды дамытуға 32 миллиард теңге бөлінген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу