Автожолдарды дамытуға 32 миллиард теңге бөлінген

Oinet.kz 05-03-2021 768

Screenshot_30.jpg

Күн санап көлемі ұлғайып отырған үшінші мегаполисте автомобиль жолдарының құрылысына айтарлықтай көңіл бөлінуде.  Сала мамандары 2021 жылы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жалпы 43,5 млрд теңге қаралғанын айтуда. Атап айтқанда, биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға – 32,3 млрд теңге, көлік саласына – 9,3 млрд теңге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша – 1,6 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. 

Шымқалада автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 2 976,6 шақырым: асфальт-бетонды – 1 836 шақырым (61,7%), шағал тас – 968 шақырым (32,5%), топырақ жолдар – 173 шақырым (5,8%).

Басқарма басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, ағымдағы жылы қалада құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Жалпы 128 нысан немесе 253,1 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Оның 120 нысаны немесе 226,3 шақырым биыл пайдалануға беріледі. 8 нысан немесе 26,8 шақырым жол – келесі жылдарға өтпелі нысандар.

Автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2021 жылдың қорытындысымен 63,6 %-ға жеткізу жоспарланған (1 893,2 шақырым). Бес жылда қаладағы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдар үлесін 79 % немесе 2 351,5 шақырымға жеткізу жоспарда (жыл сайынғы өсім 113 шақырым).

Биыл 109 нысанда немесе 138,8 шақырым жолдарда орташа жөндеу жұмыстарын атқару көзделіп отыр. Жыл қорытындысымен барлық көшелерді пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде, жеті  магистралды және 102 –ішкі орам көшелер. 

Шаһарда сондай-ақ  магистралды жолдарды дамыту жобаларына сәйкес, А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Нысан жалпы 31,6 шақырым 8 учаскеден тұрады. Жалпы құны - 23 млрд.теңге.  А-2 автомобиль жолын қайта құрудың І кезеңі бойынша 2021 жылға дейін 1,0 млрд теңге игерілген. Бүгінге дейін жер жұмыстары, жол негіздерін төсеу, жол жамылғысын салу, кәріз жүйесін ауыстыру, аяқжол салу, жарықшам бағаналарын, арық жүйелерін орнату жұмыстары орындалды.  Құрылыстың ІІ кезеңі бойынша 2021 жылға 164,8 млн теңге бөлініп отыр. Бұл кезеңде 98 учаскені мемлекет мұқтаждығына алу қажет. Бүгінгі таңда жер, жол негіздерін салу жұмыстары атқарылды.  Сондай-ақ, ІV кезең бойынша 2021 жылға 220 млн теңге қарастырылып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Аталған кезеңде мемлекеттік мұқтаждыққа 90 учаске алынуы қажет. 


Шағын және орта бизнес – қала экономикасының драйвері
Қатерлі ісіктер ерте анықталып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу