Түркістандағы «Азаматтарға арналған үкіметтің» жұмысы жоғары бағаланды

Oinet.kz 05-03-2021 352

487c926c-d92b-4c03-ad7f-6b5e6f1edabd.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен ауыл шаруашылығын дамытуда жаңа инновацияларды енгізген сүт-тауар фермасы Ордабасы ауданының Бадам ауылында іске қосылған. Аталған ферма жетекші еуропалық өндірушілердің озық технологияларымен жабдықталған. Өңірге іссапармен келген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге осындағы сиыр саууға арналған автоматтандырылған роботтар, жануарларды тазарту, диагностикалау жүйесі секілді ауыл шаруашылығын технологиялық үдерістермен автоматтандыру жобасы таныстырылды.

Түркістан облысына жұмыс сапарымен Мусин өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Ауылдық елді мекендерді Интернетке мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі «250+» жобасына енген Ордабасы ауданының Жусансай және Аққойлы ауылдарына барды. Бұған дейінгі шағымдар бойынша байланыс сапасының төмендігін көрсеткен өлшеулер жүргізілді. Сол жерде хаттама толтырылып, операторлар маусымына дейін мәселені реттеуге уәде берді. ҚР ЦДИАӨМ бұйрық жобасын әзірленін, оған сәйкес байланыс сапасының көрсеткіштері (3G үшін 1,5 МБит/с, 4G үшін 5 МБит/с) анықталғанын атап өту қажет.

– Біз реттеуші ретінде операторларға ауыл тұрғындары қанағаттанатын сапалы байланыс ұсынылғанға дейін айыппұлдарды сала береміз, – деді министр Жусансай ауылының тұрғындарымен кездесуде.

Өңірге сапары аясында министр «Turkistan 109» бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Өткен жылдың қараша айында ашылған орталыққа осы күнге дейін қаланың тыныс-тіршілігінің түрлі салаларында 12 мыңнан астам өтініш қабылданған. Сондай-ақ, Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы ұжымымен кездесіп, корпорация жұмысын жоғары бағалады.


«Нұрлы жердің» шарапаты жастарға да тиюде
Елімізде алғашқы GreenPoint платформасы Түркістан облысында іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу