Елімізде алғашқы GreenPoint платформасы Түркістан облысында іске қосылды

Oinet.kz 05-03-2021 334

f32de3ab-8d0e-4711-95fc-bf9821b7c087.jpg

Түркістан облысы әкімдігінде орналасқан заманауи облыстық Ахуалдық талдау орталығында елімізде алғашқы болып енгізілген GreenPoint платформасы іске қосылды. Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев жаңа жобаның тұсауын кесті.

Ситуациялық орталық деп те аталатын Ахуалдық талдау орталығы әлемді шарлаған пандемия басталған кезде ашылды. COVlD-19 коронавирустық инфекциясын бақылау және оған қарсы тұру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған орталық кейінірек қызмет аясын кеңейтті. Бүгінде ситуациялық орталықта бірнеше бағыттар бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Бағдат Мусин Ахуалдық талдау орталығының қызметін көріп,  атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Министрге жаңа жобаны таныстырған Ахуалдық талдау орталығының жетекшісі Мұрат Халилаев айтуынша, GreenPoint космомониторинг негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануға сандық мониторингті жүргізу және бақылауды енгізу бойынша платформа болып табылады. Сондай-ақ сервиске қол жеткізу су ресурстарын, алқаптарды пайдалануды анықтау, есепке алу және топырақтың жай-күйін мониторингтеу үшін жер қатынастары бөлімдерінің, басқармаларының мамандарына немесе облыстың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармаларының қызметкерлеріне беріледі.


Түркістандағы «Азаматтарға арналған үкіметтің» жұмысы жоғары бағаланды
Қазақстандағы алғашқы Дағдарысқа қарсы карта Түркістанда іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу