Қазақстандағы алғашқы Дағдарысқа қарсы карта Түркістанда іске қосылды

Oinet.kz 05-03-2021 335

8855cb50-b2ad-45bc-ad87-c1c5a7119873.jpg

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев облыстық Ахуалдық талдау орталығында жаңа екі жобаның тұсауын кесті. Түркістан облысы әкімдігінде орналасқан заманауи Ахуалдық талдау орталығында іске қосылған жобаның алғашқысы елімізде алғашқы болып енгізілген GreenPoint платформасы болса, екіншісі Түркістан облысының Дағдарысқа қарсы картасы.

74e00887-a539-4c8f-8ce4-46fb25dc679b.jpg

Жаңадан енгізілген Түркістан облысының Дағдарысқа қарсы картасы  қауіпсіздік, сатылым,  денсаулық сақтау, мобильді топтар және білім секторлары бағытында жұмыс жасайды. Талдаулар жүргізеді. Жаңа жүйе Қазақстан аумағында алғаш рет қолға алынған. Соңғы жылдары орын алған төтенше жағдайларға байланысты және болашақта олардың қайталану қаупін азайту мақсатында облыс әкімдігі жанындағы облыстық Ахуалдық талдау орталық және Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп Түркістан облысының дағдарысқа қарсы картасын әзірледі. Ахуалдық талдау орталығында карта мониторингі бойынша түскен ақпаратқа терең талдау жүргізіледі.

Облыс аумағындағы қылмыстық ахуалға мониторинг пен талдау жүргізіледі. Елімізде төтенше жағдай орын алғалы 104 мобильді топ құрылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес деректерді жинау бойынша кросс нысаны енгізілді. Ол мобильдік топтар қызметінің мониторингі мен талдауын жеңілдетеді. Ахуалдық талдау орталығы заманауи техникамен толық жабдықталған.


Елімізде алғашқы GreenPoint платформасы Түркістан облысында іске қосылды
Түркістан облысында жеңілдетілген несие кез-келген шаруаға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу