Састөбеде жол жөндеу жұмыстары мәресіне жетті

Oinet.kz 01-07-2022 624

Screenshot_1.jpg

Жол - экономиканың күре тамыры. Жол арқылы логистикалық қатынас дамып, сауда-саттық процесі жүреді. Сонымен қатар сапалы жол арқылы халық қалаған жеріне емін-еркін қатынай алады. Сондықтан да жолдың сапалы болуы ең бірінші кезекте халыққа жасалған қамқорлық. 

Осы орайда Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Prime Lux құрылыс» ЖШС тарапынан Түлкібас ауданындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, облыстық маңызы бар 2,5 шақырымдық КХ-183 Састөбе елді мекеніне кіре беріс жол автомобиль жолы орташа жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілді.

Жөндеу жұмыстары барысында 2,5 шақырым жолдың асфальт жабындысы толығымен жаңартылған. Сондай-ақ, 2 жерге жасанды жол кедергілері мен жол белгілері орнатылып, жол таңбалары сызылған.

Одан бөлек, «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан түнгі уақытта жолды бөліп тұрушы катафоттар орнатылды. Бұл өз кезегінде көлік жүргізушілердің түнгі уақытта жолдың қарсы бетіне шығып кетпеуіне септігін тигізеді. Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауда болды.

Ағымдағы жылы Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен облыстық маңызы бар 33 нысан (1 көпір) немесе 612,7 шқ жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Биыл ауа райының қолайлы болуына байланысты жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталды. Осы орайда, мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС-гі тарапынан Ордабасы ауданында 2021 жылы басталған облыстық маңызы бар КХ-63 «Бадам-Шұбар-Аққойлы-Қызыләскер-Қарабұлақ-Түлкібас» 0-38 шақырым автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылы аталған жолдың 20 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген болса, ағымдағы жылы қалған 18 шақырымына асфальт салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, аталған мердігер мекеме тарапынан Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-4 «Жамбыл-Шаян» бағытындағы ұзындығы 13,4 шақырымды құрайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда.

Бүгінгі таңда, бекітілген сметалық құжаттамаға және жұмыс-өндірістік кестеге сәйкес, жолдың ескірген жабынын фрезалау жұмыстары атқарылуда. Фрезаланған жолдың негізіне 2 қабат (ірі, майда түйіршікті) асфальт жабынын салу қарастырылған. Нысандағы жұмыстарды қыркүйек айында толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Құрылыс нысандарын аралады
Тұрғындар денсаулығын нығайтатын мекемелер салу басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу