Нұрлан Байғұт Майлыкент ауыл округінің тұрғындарымен кездесті

Oinet.kz 10-06-2022 252

Screenshot_5.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойды. Онда "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" делінген.

Осы орайда Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес Майлыкент округінің тұрғындарымен кездесті. Жиырма бес мыңға жуық халқы бар Майлыкент ауылдық округіне үш елді мекен қарайды. Халық ең тығыз орналасқан округте тиісінше атқарылатын жұмыстар ауқымды. Аудан әкімі тұрғындар алдында ағымдағы жылдың 4 айын қорытындылап, халық тарапынан түскен өтініш пен ұсыныстар негізінде түзілген алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

Кездесу барысында округ тұрғындары тарапынан ауыз және ағын су, балалар ойын алаңшасын соғу, жоғары кернеулі трансформатор орнату, мектеп құрылысының жұмысын қарқындату, жол, түнгі жарық шамдарын орнату сынды мәселелер көтерілді. 

Көтерілген барлық мәселені аудан басшысы түртіп алып, өз құзырындағы мәселелерге Заң аясында жауап беріп, шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін тілге тиек етті.

Кездесуден соң аудан басшысы жергілікті тұрғындарды жауапты мамандармен бірге жекелеген мәселелерімен қабылдап, ол жерде көтерілген мәселелерге Заң аясында жауап берді. Тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселе шешілгенше бақылауда тұратының жеткізді. 

Өткен жылы Майлыкент ауылдық округінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ:

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Т.Рысқұлов ауылының 17 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Т.Рысқұлов ауылындағы 300 орындық «Майлыкент» ЖОМ құрылыс жұмыстары бастау алды. Нысан 2022 жылға өтпелі.  

Т.Рысқұлов ауылындағы аудандық аурухана ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Т.Рысқұлов ауылы, орталық саябағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  

Т.Рысқұлов ауылы "Дәрігерлер" аллеясына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  

Т.Рысқұлов ауылы, Мәдениет үйінің алдын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  

Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесінің аркасын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  

Т.Рысқұлов ауылы "Тұңғыш Президент" саябағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесіне "Шамшырақ" стелласын орнату жұмыстары жүргізілді.

Бақыбек елді мекеніңдегі кәріздік сорғы және кәріздік суларды тазалау станциясын қосу жұмыстары жүргізілді.

Бақыбек елді мекенінің су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Т.Рысқұлов ауылы, Жанкент м/а кәріз жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Т.Рысқұлов ауылы "Тұңғыш Президент" саябағына су ұңғымасын қазу жұмыстары жүргізілді.

Т.Рысқұлов ауылы, Сейдалиев және Бағысбаев көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Т.Рысқұлов ауылы, Абиров көшесі бойындағы жарық бағаналарын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қарағашты ауылы, Әл-Фараби көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы тұрғындардың өтініші мен ұсынысы бойынша бастау алатын жобалар:

Т.Рысқұлов ауылы, Бақыбек мөлтек ауданында орналасатын 300 орындық  мектептің құрылысы. Нысан 2023 жылға өтпелі.

Т.Рысқұлов ауылы Бақыбек м/а дамуына берілген 80,0 га жер телімінің инженерлік инфроқұрылым құрылысының электр желісі, су желісі және кәріз жүйесі жүргізу жоспарлануда.

Т.Рысқұлов ауылына ұңғыма қазу, трансформатор және су мұнарасын орнату  жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Т.Рысқұлов ауылы, Көкжайлау м/а және Алатау көшесіне қосымша ауыз су құбыр жүйелерін жүргізу жоспарлануда.

Т.Рысқұлов ауылы, Грицинин, Досалиев көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жоспарлануда.

Қарағашты ауылы, Тазабеков көшесін 0,4 кВ электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Т.Рысқұлов ауылы, Сейдалиев, Досалиев, Грицинин, Пушкин көшелеріне электр қуатын арттыру мақсатында трансформатор орнату жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қарағашты ауылы, Төле би, Тазабеков көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Төлеген Телғараев аудан тұрғындарымен кездесті
Халық тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлердің орындалу барысы қаралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу