Үйіргелік жерлердің үлесін арттыру көзделуде

Oinet.kz 13-07-2022 648

Screenshot_13.jpg

Аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың ауылдық округтердегі есепті кездесуі Қараспан ауылында жалғасын тапты. Берген ауылдық Мәдениет үйінде өткен кездесуде аудан басшысы өткен 6 айда ауылда атқарылған жұмыстар жөнінде ауыл тұрғындарына баяндама жасады. 

«Ауданға қарасты ауылда ауыл шаруашылық саласында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Әсіресе «Бір алқаптан екі өнім алу» жобасы бойынша 12 шаруа қожалық иелері 42 га жерге көкөніс, бақша, жүгері дақылдарын егіп, бірінші өнімен 310 тонна өнім алды. Алда ылыжай көлемін қосымша 3,5 га ұлғайту көзделіп, ауыл шаруашылығы техникаларын қосымша 7 данаға арттыру көзделуде. Мұнан бөлек, өткен 6 айда «Бакдаулет 7» ӨК инвестициялық құны 145 млн. теңге құрайтын, 2 жаңа жұмыс орнымен мал бордақылау алаңы іске қосылды. Жалпы жыл соңына дейін жалпы құны 170 млн. теңгені құрайтын  тағы 2 кәсіпкерлік нысан ашылады деп жоспарлануда», деді аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесуде.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары инженерлік-инфрақұрылым мәселелері бойынша көкейлерінде жүрген сұрақтарын ортаға салды. Өз кезегінде сала жауаптылары мәселенің мән-жайын айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын тілге тиек етті.   

«Жұлдыз, Көлтоған, Ақпан, Қараспандағы ішкі орамдық көшелерге жол салу жұмыстары күз айында аяқталады. Қараспан, Мәдениет, Берген ауылдарында спорт алаңшасы мен арка салуға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Төреарық, Мақташы, Батыр ата, Көлтоған, Бейсен, Берген, Ақжол ауылдарына газ тарту жұмыстары да кестеге сай жүргізілмек. Нысан 2023 жылға өтпелі. Салалық басқармаға Жұлдыз, ынтымақ, Жаңатұрмыс, Мәдениет ауылдарына газ жүргізу бойынша ЖСҚ әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. 

Қараспан ауыл округі бойынша 14 елді мекеннің 7-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда Сарыарық, Бейсен-Мақташы, Қараспан үш елді мекеннің ауыз су құрылыс жұмыстары жүргілуде. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Биыл аудан бюджеті есебінен Көлтоған ауылы Ақжол көшесіне 0,26 шқ электр желісін және куаттылығы 40 кВА трансформатор орнатуға 4 млн. 510 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, жеңімпаз мердігер «Даулет Компани Трейд» ЖШС келісім шарт түзілді. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында Қараспан ауылындағы КТП-218 трансформатордан шыққан 0,4 кВ ұзындығы 3,2 шқ электр желілері ауыстырылуда», деді аудан әкімі өз баяндамасында.

Ауылдағы білім беру мен денсаулық сақтау саласында да бірқатар жобалар қолға алынған. Атап айтар болсақ, 2021 жылы облыстық бюджеттен құрылысы басталған Мақташы ауылындағы З.Исабеков атындағы жалпы орта мектебінің 200 орындық құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Көлтоған ауылындағы Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ жасалынған. Ал, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында Көлтоған Төреарық елді мекендерінен ФАП салу бойынша қазіргі таңда МСА рәсімдері жүргзіліп, мердігер мекеме «AR Kua Group» ЖШС болып анықталды, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Айта кетерлігі, биыл ортақ жайылымдық жерлер көлемі тапшы Қараспан ауыл округі бойынша жалпы көлемі 1 649,3 гектар ортақ жайылымдық жерлер бекітіліп берілген. Қосымша 3 206 гектар жайылымдық жерді аудандық қорға қайтарып, ортақ жайылымға бекіту жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Темірланда ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Аудан орталығы дамып, гүлденіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу