Қабланбектіктердің ұсынысы ескерілді

Oinet.kz 21-07-2022 321

Screenshot_22.png

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" тапсырмасына сәйкес Қабланбек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Алдымен аудан басшысы алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып, содан кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі жаңа трансформатор орнату, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, жайылым жер, табиғи газбен қамтамасыз ету, жолдарға асфальт салу, спорт алаңшасын салу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы өтініштері мен пікірлерін айтты. 

Өз кезегінде аудан басшысы Қанағат, Ақниет және Жонарық елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары үшін республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына қойылып, жеңімпаз анықталғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Жонарық  елді  мекеніндегі 90 тұрғын үйді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, «МПК проект» ЖШС мердігер мекеме тарапынан жобалық сметалық құжаттамасын әзірленуде. Жобалық сметалық құжаттама, мемлекеттік сараптамаға тапсырылған, сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін облыстық бюджетке ұсынылатын болады. Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың дәрігерлік емхана салу және ағын су мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан басшысы ауыл тұрғындарын қабылдау барысында ауылдық округ әкімі мен тиісті мекеме басшыларына өтінішті назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.

Жол сапасын тексерді
Тасқұдықта 100 орындық мектеп салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу