Құрылыс алаңдарын аралады

Oinet.kz 20-07-2022 252

 21984d5c-a8c1-488e-804c-beb462cd43b3-696x463-1.jpg

Таяуда Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков құрылыс алаңдарын аралап, атқарылған жұмыстарды бақылады.

Атап айтқанда Ә.Жангелдин атындағы көшенің 3,8 шақырымына реконструкциялау жұмыстары жүруде. Қазіргі таңда мұнда нысан құрылысына кедергі келтіретін инфрақұрылым жүйелері құбырларының  орны ауыстырылып, жол негізі әзірленуде.  Ал, І.Қожабаев көшесінде асфальт төселе бастады. Аталған нысандар 2023 жылға өтпелі.  Сонымен қатар, қала әкімі Б.Майлин көшесінде орнатылған аялдамаларды,  Құрбан ата көшесінде атқарылған жұмыстарды көріп, жауапты мамандарға Атабай тас жолы мен Бірлік көшесі бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

Ағымдағы жылы қала аумағындағы 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Бүгінде оның 7-уінде жұмыстар аяқталып, қалған 33 көшеде құрылыс жүргізілуде дейді мамандар. 

Айта кетейік, Түркістан қаласында жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылы 322,9 млрд теңгеге жетіп, 2020 жыл­мен салыстырғанда 4,1 пайызға арт­қан. Енді 2025 жылға дейін құрылыс жұ­мыстарының көлемін 439,3 млрд тең­геге жеткізу көзделуде.

Жалпы, соңғы үш жылда Түр­кі­стан қаласында 536 жоба іс­ке асып, оның 251-і пайдалануға тап­­­сырыл­ған. Халықты баспанамен қам­та­ма­сыз ету ең басты қажетті­лік­­тің бірі десек, Түркістан қала­сын­да 4 жылда жалпы 337 көпқабатты тұр­ғын үйдің құрылысы жүргізіліп жа­тыр (15 411 пәтер, 1 001,1 мың шар­шы метр). Мамандардың мәліметіне сүйенсек 2019-2021 жылдары 113 көпқабатты тұрғын үй пай­да­лану­ға берілген(5 433 пәтер, 342,9 мың шаршы метр).

Түркістан облысында кәсіпкерлер саны 160 мыңға жуықтады
«Шаға» жағажайы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу