Жастардың жаңа жобаларына 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі

Oinet.kz 26-07-2022 357

Screenshot_17.jpg

Президент Қ.Тоқаев өз қызметіне кіріскелі бері елдегі жас буынға ерекше көңіл бөлді. Елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ­ынталандыру іс-шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі көрсетуі мен өз армандарын жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде кешенді саясат жасала бастады. Қ.Тоқаевтың жастар жөніндегі көзқарасы мен ұстанымы, тіпті ол президенттік қызметке кірісуден бұрын-ақ белгілі болған болатын. 

2019 жылы 6 ақпан күні Жастар жылының басталуына байланысты ҚР Парламентінде өткен жиналыста сол кездегі Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев: «Алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп, өзін-өзі дамытуға талпынған жастарға шынайы қолдау қажет. Қазақстандық жастар өз болашақтарына сеніммен қарауы тиіс, олар үшін Қазақстан мемлекеттік басқарудан бастап, ғылым мен шығармашылыққа дейін сан алуан салаларда табысқа жетуге мол мүмкіндіктер беретін ел болуы тиіс» деп, жастарды Парламенттің және жергілікті өкілетті органдардың жұмысына кеңінен тарту және белсенді жаңа буын өкілдерін қолдауға шақырғаны есімізде.

Осы орайда республикада жастарға қызу қолдау көрсетіліп келеді. Ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыруға арналған «ZHAS PROJECT» гранттық жобасы іске қосылды.  Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн теңгеге дейін гранттар беріледі. Түркістан облысына 63 грант бөлініп отыр. Бұл туралы брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы Тастемір Ақұлан мәлімдеді. 

Сондай-ақ, брифинг қатысқан Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамның тіршілігіне тарту, араластыру екендігін айтты. 

«Жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін жалғасады»,- деді Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев. 

Жоба - жұмыссыз ретінде тіркелген жастарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы 18 бен 29 жас аралығындағыларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға, мүгедектігі бар жастарға арналған. 

Түркістан облысында іскер әйелдер қатары артты
Түркістанда «Tartyl fest» фестивалінің жеңімпаздары анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу