«Қазіргі жастардың денін шешесін сойып дүниеге келтірген ұрпақ құрайды»

Oinet.kz 11-10-2022 1899

Бүгін екінші рет автобуста бір жас қыздың әлсіреп қысылғанын, айналасы әбігерге түсіп, біреуі терезе ашып, біреуі орын беріп, біреуі су ұсынып әбігерге түскенін көрдім.

Screenshot_24.jpg

Рас, адамның көптігінен жүрегі қысылуы мүмкін. Жүрегінде кінәрат барын білетіндер кептеліс уақытында қоғамдық көлікке жоламайды. Өз денсаулығына алаңдайтын адам барынша сақтанады да. Өз басымнан өтіп жатқан соң жазып отырмын. Бірақ менің санам жетіліп, өз денсаулығым өзіме ғана керегін түсінген шақтағы адаммын әрі қадағалау керектің бәрін мықтап қолға алғам. Соның өзінде кейде - “сила есть, воля есть, сила воля нет”, бұл енді менде бір пайыз. Ал жастар? 

Біріншіден, жастығына сеніп дәрігерге қаралмайды. Біздің үйде сондай біреу бар. Екіншіден, әке-шешеде де сондай ой басым:  “Жас қой”. Бірақ… Мынаны естен шығармайық, қазіргі жастардың денін шешесін “сойып” дүниеге келтірген ұрпақ құрайды. Ал кесер тілігімен туған ана баласын сүтке жарыта бермейді. Жасанды сүт ішіп өскен баланың әлжуаздығы білінбей қоймайды.  Бұған макарон мен тауықтың сорпасын ғана қанағат етіп жетілген ұрпақты қосыңыз! Қойдың етін де, сорпасын да көрмей өскен қала баласында не күш-қуат болсын. 

Ал анау не өкпесі, не жүрегі қысылып әлсіреп құлаған қыз??? Ауылдан келген студент пе, әбден мүмкін. Тұратын жері жоқ шығар, ол да мүмкін. Екі күн нәр сызбаған болар, оған да сенем, таңғалмаймын. Бала бірді-бірге қосып, үзілгенін жалғап, ортайғанын әрең толтырып жүрген ата-анасына ештеңесін айтпауы мүмкін, жасырғанда жөн санап, “бәрі дұрыспен” құтылады. Қалада жүрген ұл-қызының басына бірден бақ құсы қонғандай қабылдайтын әке-шеше, алдымен сен ойлан! Кел, көр, балаң не жеп жүр, қайда тұрады, кіммен тұрады? Алаңсыз сабағын оқып жүр ме, әлде даяшы болып жұмыс істеп, не ұйқысы қанбай, не тойып тамақ ішпей, қоғамдық көлікте әлсіреп құлап  жүр ме? Үйіне артық салмақ салмаймын деп, ештеңе сұрамаймын деп! Қалай айтсақ та, жастар әлжуаз, жастардың жүйкесі тозған. Мойындайық. 

ЕСКЕРТУ: Тоқтықтан құтырып, жылы үйде дайын тамағын ішіп, таң атқанша қалта телефонын құшақтап, интернетте отыратын, содан күндіз мылжа-мылжасы шығып жүретін жағымпаз һәм жалқау жастарға арналмаған пост.

Айгүл Болатханқызы

facebook парақшасынан

Тәуіпке барып, тәубемізді ұмытып қала жаздадық
Қызымыз бізге «сендер - күнәһарсыңдар» деп ұрсады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу