Қызымыз бізге «сендер - күнәһарсыңдар» деп ұрсады

Oinet.kz 11-10-2022 4669

Хиджаб - арабтың ұлттық киімі. Қит етсе баяғы заманғы "Ақжүнісін" айтады екен деп ойлап қалмаңыздар, бірақ осыдан 10 жыл бұрын өзге діннің ағымына түсіп кеткен қызын қорғау үшін біздің студиямызға бір ӘКЕ келген еді. 

Screenshot_25.jpg

"Қызымды біреулер өз ағымдарына іліп алыпты, ешкімді тыңдамай кетті соларға еріп... қымтанып, оранып алады, анасын да, мені де тыңдамайды, "сендер - күнәһарсыңдар" деп бізді ұрсады... ақыры үйден безіп кетті..." деп зар жылағаны әлі есімде. 

Ол кезде дәл қызіргідей көп болмаса да, хиджаб киген қазақ қыздары бірен-саран кездесіп қалатын. Ал қазір олар тіпті көбейіп кетті. Хиджабты былай қойып, жылтыратып тек көздерін ғана қалдырып, тұтас қара жамылып алатындар да күннен-күнге көбеюде.

Дін - әркімнің жеке шаруасы. Киім де солай, кім не кигісі келсе, соны киеді. Тек сол арқылы қоғам ала-құла болып, ұлт ала-құла болып, қырыққа бөлініп, қырық пышақ болып жатқан жоқ па? 

Имандылықтың көрсеткіші - киім емес. Имандылық - жүректен көрінуі тиіс емес пе? Қазақтың қос етек бүрмелі көйлегін ки деп те айтпай-ақ қоялық. Бірақ қаракөз қазақ қыздары арабтың ұлттық киімін киіп жүргендерін неге түсінбейді екен?.. Хиджаб - араб елінің сахара шөліне, ыстық күні мен желге көтерілген құмына арнап тігілген, сол климатқа ыңғайлы ұлттық киімдері екенін осыдан 10 жыл бұрын айтып едік... Тағы айтып отырмыз... айтып жүрміз... бірақ, еліктеуден алдымызға жан салмаймыз... Өзбекстандағы И.Каримов сияқты, сақалға да, қысқа балаққа да, хиджабқа да заң жүзінде тыйым салу керек шығар. Бөліне-бөліне жеткен жеріміз қайсы? Вахабит, салафит, сақауит... әйтеуір қазақ дәстүріне жат ағымдар қаптап кетті...

Сәуле Әбілдаханқызы

facebook парақшасынан

«Қазіргі жастардың денін шешесін сойып дүниеге келтірген ұрпақ құрайды»
Анасының қызына міндетті түрде айтуы керек кеңестер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу