Түркістандықтардың 20 пайызын нан өнімдерімен қамтамасыз етуде

Oinet.kz 27-07-2019 752

Screenshot_35.jpg

Талай жанға демеу берген «Бастау» жобасы бойынша кәсіп бастаған жанның бірі - Перизат Есенова Түркістан қаласының тұрғыны. Алғаш кәсібін кішкене бөлмеде екі қап ұннан бастаған кәсіпкер, нан, тәтті тоқаштар пісіріп бастаған.

2013 жылы Кәсіпкерлер палатасы көмегімен жеңілдетілген несеге қол жеткізіп, нан жабуға арналған пеш сатып алады. Іс бастау оңайға соқпаған, десе де береке тірліктің арқасында өз мақсатына жеткен. Қазір Преизаттың «Ғажайып нан» атты наубайханасы күніне 6 тонна нан өнімдерімен қоса, тәтті тоқаштар да пісіреді. Түркістандықтардың 20 пайызын нан өнімдерімен қамтамасыз етуде. Шағын цехта 15 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. 

«Екі қап ұннан басталған кәсібім бүгінде үлкен іске айналды. Қазір бәрі компьютерлі болғандықтан,оңай, жеңіл болды. Нанды саламыз, піскенде өзі белгі береді. Тапырыстарымыз да көп», – дейді кәсіпкер әйел. Нан бар жерде ән, сән бар. Ас атасы нанды, 35 минуттың ішінде 280 градуста пісіріп шығарады. Цехтың иесі болашақта нан өнімінің көлемін ұлғайтып, жұмысшылар санын көбейтуді көздейді. 


«Фараб» заманауи технологияларды қолдануда
Түркістаннан тор шығады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу