Шымкент әкімі бірқатар шағынаудандарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Oinet.kz 29-09-2023 337

Шымкент қаласы бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапарымен «Алаш», «Бекжан» базарлары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің және Бозарық шағын ауданындағы құрылыс нысандарының құрылыс жұмысының барысымен танысты. 

Screenshot_25.jpg

Қала әкімінің айтуынша, Темірлан тас жолы және А-2 автожолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткеліндегі тоннель ұзындығы 46,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метрді құрайды. Бүгінде құрылыс жұмыстарының орындалуы 80 пайыз. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. 

Ал «Бекжан» базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша тоннель ұзындығы 24 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метрді құрайды. Ондағы құрылыс жұмыстары 45 пайыз орындалған, бұл нысанды да осы жылы халық игілігіне беру көзделген.

- Қала аумағында атқарылып жатқан жол құрылысы жұмыстарында қарқын бар. Осы қос өткелден бөлек, мен жуырда Еңбекші ауданы, Қаратөбе аумағына қарасты «Базарқақпа» тұрғын алабында қазіргі таңда асфальт жабынын төсеу жұмыстарының аяқталып келе жатқанын өз көзіммен көріп қайттым. Нақтылап айтсақ, ондағы атауы жоқ № 5 көшесіне асфальт бедерінің екінші қабаты төселіп жатыр. Жалпы, «Базарқақпа» тұрғын алабында 36 көше орналасқан. 2022 жылы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын 11 көшеге асфальт қабаты төселіп, демеуші есебінен Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Ал 2023 жылы ұзындығы 6,6 шақырымды құрайтын Кеңгір, Қараөткел, Балқан, Алай, Қызыл ата, Сазқұндыз, атауы жоқ №№1,2,3,4,5 көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бүгінде тұрғын алап аумағында асфальт жол үлесі 95 пайызды құрайды. Айта кетейік, «Базарқақпа» тұрғын алабын асфальт қабатының үлесін 100 пайызға жеткізу 2024 жылға жоспарланып отыр. Ал «Алаш», «Бекжан» базары маңындағы жаяу өткіншілер тонелін тезірек, әрі сапалы аяқтауымыз керек, - дейді қала әкімі.

Қос нысанның жұмысымен танысқан қала әкімі жауаптыларға өткелдер құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. 

Бұдан кейін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданына қарасты Бозарық шағынауданындағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны бойынша көшпелі жиын өткізді. Аталған ауданда 74 гектар аумақта құрылыс жүргізіліп жатыр. Мұнда қалалық егжей-тегжей жоспарлау бойынша жалпы 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 170,7 мың шаршы метрді құрайтын 2 198 пәтерлі 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2 мың орынға арналған мектептің құрылысы қолға алынған. Жиын барысында қала әкімі мердігер мекеме басшыларына құрылысты бекітілген мерзімде аяқтап, сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Шымкент қаласында қайтарымсыз грант алуға ниетті азаматтардың өтініштері комиссияда қаралуда
Шымкент қаласында жастар ресурстық орталығы дін тақырыбында жиын өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу