Қоғамға оралуға дайындық: түзету мекемелеріндегі мәдени-тәрбиелік жұмыстардың маңызы зор

Oinet.kz 02-12-2025 7

Сотталған азаматтардың рухани жағдайын көтеру, мәдени орта қалыптастыру және тәрбиелік жұмысты күшейту – пенитенциарлық жүйедегі ең маңызды бағыттардың бірі. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – қылмыс жасаған тұлғалардың қалыпты өмірге бейімделуіне, дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруына және қоғамға қайта оралу барысында әлеуметтік ортаға сіңісуіне жағдай жасау.

image.png

Осы мақсатта түзету мекемелерінде кітапханалар жұмыс істеп, рухани-адамгершілік тақырыптағы кездесулер, мәдени бағдарламалар, тренингтер және мамандардың қатысуымен семинарлар ұйымдастырылып тұрады. Жазасын өтеушілердің  арасында шығармашылық үйірмелер, спорттық жарыстар мен қолөнер курстары өткізіліп, олардың уақытын тиімді пайдалануға, ішкі мәдениетін көтеруге мүмкіндік беріледі.

Тәрбиелік жұмыстың күшейтілуі тек жазалау емес, қайта тәрбиелеу қағидатына сүйенеді. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер сотталғандардың жеке мәселелерін анықтап, түзету бағдарламаларын жүргізеді. Мұндай кешенді шаралар азаматтардың өмірлік көзқарасын өзгертуге, жауапкершілікті сезінуге, қоғамға пайдалы жеке тұлға ретінде қайта қалыптасуына ықпал етеді.

Мәдени-ағартушылық іс-шаралар жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді өткізуіне және өзін-өзі дамытуды өмір салтына айналдыруына жол ашады. Кітап оқу клубтары, театрландырылған қойылымдар көрсету, көркем фильмдер бойынша пікірталас ұйымдастыру – олардың ой-өрісін кеңейтіп, мәдени талғамын қалыптастырады. Сонымен бірге қолөнер, сурет салу, домбыра үйірмелері сынды шығармашылық бағыттағы жұмыстар адамның қабілетін ашып, позитивті орта қалыптастыруға ықпал етеді. Осындай іс-шаралардың арқасында көптеген азаматтар өз бойындағы жаңа мүмкіндіктерді танып, өзін қайта тануға мүмкіндік алады.

Осы орайда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №53 мекемесінде қала әкімдігі мен мәдениет басқармасының қолдауымен кең көлемді мәдени іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты - соталған азаматтардың рухани жағдайын көтеру, мәдени орта қалыптастыру және тәрбиелік жұмысты күшейту.

Бағдарлама аясында қалалық әкімдік шақырған өнерпаздар музыкалық, вокалдық және сахналық номерлер ұсынды. Өнер иелері өздерінің кәсіби шеберлігін көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар «Шаншар» театрының танымал актері Жүсіп Ақшораевтың арнайы келіп, өнер көрсетуі іс-шараның маңызды бөлігі болды. Оның әзілдері, өмірлік кеңестері және жүрекке жылы сөздері көрермендердің ықыласына бөленді.

Концерт өте жылы, достық атмосферада өтті. Мекеме басшылығы мұндай мәдени шаралар осуждёндердің рухани қолдауына ықпал етіп, олардың қоғамға оң көзқараспен бейімделуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Іс-шара соңында алғыс айтылып, барлық қатысушыларға игілік, тыныштық және мейірім тілектері жолданды.

Рухани, мәдени және тәрбиелік бағыттағы барлық іс-шаралардың түпкі мақсаты – жазасын өтеушілердің адам ретінде қалыптасуына, өз орнын табуына, қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау. Бұл жұмыстар олардың өз-өзіне деген сенімін нығайтып қана қоймай, жаңа өмірге деген үмітін оятады.

Қоғамға бейімделген, мәдениетті, рухани бай азамат – елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі. Сондықтан сотталған азаматтардың рухани жағдайын көтеру, мәдени орта қалыптастыру және тәрбиелік жұмысты күшейту – бүгінгі күннің өзекті міндеті әрі пробация қызметі мен әлеуметтік құрылымдардың маңызды миссиясы болып қала береді.

Абай ауданы қыс маусымына дайын ба?
Жол сапасын жақсарту – қалалық дамудың негізгі көрсеткіші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу