Жылыжайды қорғайтын жәндік өсіруде

Oinet.kz 01-12-2025 37

Screenshot_1.jpg

Еліміздің жылыжай иелері де зиянкестерден химиялық жолмен емес табиғи жолмен күресу үшін аталған жәндікті қолданады. Алайда бізде бұл табиғи «күрескерді» өсірумен айналысатындар сирек. Шаруалар сол себепті энтомофагтарды шетелден алдыртады. Осыны ескерген шымкенттік тұрғын Е.Әділ мемлекеттік бағдарламаның көмегімен  энтомофагтар өсірумен айналыса бастаған. Тиісті қаражаттың арқасында ерекше бизнесті қолға   жеке кәсіпкер осылайша жергілікті шаруаларға көмегін беріп отыр. Себебі бұл сала шетелдік кәсіпорындарға тәуелді болып отыр. Отандық кәсіпкерлер тағы жоқ. Еліміздегі жылыжайлардың дені оңтүстік өңірде болғандықтан, сұраныс жоғары. Кәсіпкердің бастамасы оң нәтиже берген. Өңіріміздегі бірнеше жылыжаймен келісімге келіп, өнімдерін өткізіп жатыр. Айтуынша, сапасы да шетелдік өнімге қарағанда әлдеқайда жоғары. Әрі сұраныста артып келеді дейді кәсіпкер.   

Кәсіпкердің айтуынша еліміздегі жылыжайлар сұранысты өтеу үшін жеміс-жидектерге түрлі химиялық қоспалар қолдану арқылы кәсіптерін жүргізіп отыр. Денсаулыққа зиян-сыз екені айтылып жүргені, табиғи жолмен өскен жемістердің дәмі дәмдірек әрі қауіпсіз болатынын тұтынушылар жақсы біледі. Қыс мезгілінде жылыжайлардың жұмысы қыза түседі. Дамыған елдер химиялық қоспалардың орнына табиғи жолмен пайдалы жәндіктерді, кенені және түкті араны өсіру арқылы зиянкестерден биологиялық әдіспен қорғау мақсатында оларды жылыжайға жіберіп, органикалық таза өнім алу әдісін жолға қойған.  Мәселен энтомофагтар зиянды жәндіктерді жеу арқылы немесе зиянды организмнің ішіне өзінің генетикалық материалын енгізу арқылы өлтіреді. Ауылшаруашылығында таптырмас жәндік көптеген шетелдік жылыжай, егіс алқаптарында қолданылады. Жеміс-жидекке пайдасы мол жәндікке сондықтан сұраныс көп. 

Олар өсімдікке зиян келтірмей, керісінше, зиянкестердің санын табиғи жолмен азайтады. Жылыжай жағдайында жиі кездесетін тля, аққанат, трипс, өрмекші кене сияқты зиянкестерге қарсы энтомофагтар өте тиімді. Мысалы, божыр қоңыз (күнқоңыз) тляны жойса, фитосейулюс кенесі өрмекші кенемен қоректенеді, ал энкарзия аққанатқа қарсы қолданылады. Энтомофагтарды қолданудың басты артықшылығы — химиялық пестицидтерді пайдалануды азайту. Бұл өнімнің экологиялық тазалығын сақтауға, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, химиялық улағыш заттарға зиянкестердің төзімділік қалыптастыру қаупі де төмендейді. Жылыжайда энтомофагтарды пайдалану экономикалық тұрғыдан да тиімді. Алғашқы кезеңде белгілі бір шығынды талап еткенімен, ұзақ мерзімде дәрі-дәрмекке кететін қаражат азайып, өнім сапасы артады. Табиғи тепе-теңдік сақталғандықтан, өсімдіктердің өсуі тұрақты болып, өнім көлемі көбейеді. Сонымен бірге, энтомофагтар жылыжайдағы биологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Бұл заманауи, тұрақты ауыл шаруашылығы талаптарына толық сай келеді. Биологиялық қорғау әдістері болашақта ауыл шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі болмақ. 

Ал жылыжай – ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызды құрал. Ол халықты тұрақты азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, еңбек өнімділігін арттырып, табыс көзіне айналады. Сондықтан жылыжай салу мен оны тиімді пайдалану – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Шымкент қаласының әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке қабылдады
В Шымкенте 20 семей получили новые квартиры в рамках модернизации «Зелёной балки»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу