Шымкент қаласының әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке қабылдады
Шымкент қаласы әкімінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қала тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері, шағымдары мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар білім беру, мәдениет және қоғамдық өмірге қатысты маңызды мәселелерді көтерді.. Әкім орынбасары әр өтінішке мұқият көңіл бөліп, тиісті жауапкершілікпен қарау үшін қалалық басқармалар мен бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.

«Әрбір өтініш жеке қарастырылып, тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар жүктелді. Барлық мәселе қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қарап, өзекті бағыттар бойынша қажетті шаралар қабылданды. Тапсырмалардың орындалуы жүйелі бақылауда болады. Біздің негізгі міндетіміз – тұрғындарды ашық тыңдап, әрбір мәселеге әділ баға беру және жауапкершілікпен әрекет ету»,- дейді Сәрсен Абайұлы.
Сәрсен Құранбек тұрғындарға мәселелерді шешу барысы туралы толық түсінік беріп, қалалық әкімдік пен мемлекеттік қызметтердің ашық әрі тиімді жұмыс істейтінін жеткізді. Сонымен қатар, тұрғындарды қоғамдық бақылауға белсенді қатысуға, өз пікірлері мен ұсыныстарын айқын жеткізуге шақырды.
Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жүргізілетін осындай жеке қабылдаулар тұрғындар мен билік арасындағы тығыз байланыс орнатуға, мәселелерді уақытылы шешуге және қаланың дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Жеке қабылдаулар барысында тұрғындар өз ұсыныстары мен шағымдарын тікелей жеткізіп, мемлекеттік органдардың жұмысына әсер ете алады, ал әкімдік пен тиісті басқармалар өз тарапынан нақты іс-қимыл жоспарларын жасап, мәселелерді кезең-кезеңімен шешеді. Сонымен қатар, бұл қабылдаулар қаланың әлеуметтік, инфрақұрылымдық және экономикалық дамуына үлес қосуға жағдай жасайды: тұрғындардың сұранысы мен ұсыныстары ескеріліп, қала саясаты мен жобалары нақты қажеттіліктерге бағытталады. Жеке қабылдаулардың нәтижесінде әкімдік тұрғындарға ашықтық пен есеп берушілік қағидатын қамтамасыз етіп, қала өміріндегі шешімдерге халықтың қатысуын арттыра алады.
Айта кетейік, тұрғындарды жеке қабылдау әр айдың екінші және төртінші сейсенбісінде өткізіледі. Қабылдауға жазылу үшін тұрғындар әкімдікке келіп, «Азаматтарды қабылдау орталығында» тіркеле алады немесе e-Өтініш жүйесі арқылы онлайн өтініш қалдыруға мүмкіндік бар.


