Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын-алу мақсатында кездесу өтті

Oinet.kz 14-12-2025 4

Шымкент қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар жастардың заңға сыйымды тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге, олардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

image.png

 Қаладағы мектептер мен балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде арнайы профилактикалық бағдарламалар іске асырылуда. Олар кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау, құқықбұзушылыққа жол бермеу және қауіп-қатерлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды үйретуге бағытталған.

Сонымен қатар, қалалық полиция департаменті жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, жоғары құқықбұзушылық қаупі бар аудандарда рейдтер ұйымдастырады. Құқық қорғау органдары ата-аналармен және педагогтармен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдерді құқықтық тәрбиелеу, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын үйрету жұмыстарын күшейтуде.

Қалада құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қолға алынған. Мектептерде және қоғамдық орындарда бейнероликтер, лекциялар мен семинарлар ұйымдастырылып, кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған материалдар таратылуда. 

Осы орайда Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандағы №150 жалпы орта мектебінің оқушылары арасында кездесу өтті.

Кездесуге полиция басқармасының инспекторы, Шымкент қаласы дін істері басқармасына қарасты дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы, денсаулық сақтау басқармасының психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері мен дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №15 жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы мен спортшысы қатысты.

Жиын барысында білім алушыларға тиісті сала мамандары құқық бұзушылыққа бой алдырмау, тұрмыстық зорлық-зомбылық, дәстүрлі емес діни ағымдар, нашақорлық пен суицидке жол бермеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, кездесуде оқушылар еркін күрестен Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы, Азия чемпионаттарының жүлдегері, спорт шебері - Сейдуалы Бейбітпен сұқбаттасып, көрсетілген жекпе-жек сәттерінің видео үзінділері оларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Шымкент қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Полиция, педагогтар, ата-аналар және қоғамдық ұйымдардың бірлескен іс-қимылы балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және олардың дұрыс өмірлік бағдар алуына бағытталған.

Білім беру мекемелеріне жоспарлы мониторинг жұмыстары жалғасуда
Шымкент қаласының әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу