Жаңа пошта маркасы – өңірлік ынтымақтастыққа 35 жыл

Oinet.kz 27-03-2026

Шымкентте өтіп жатқан Digital Qazaqstan 2026 халықаралық форумы аясында Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың (БӨД) 35 жылдығына арналған жаңа пошта маркасының салтанатты таңба қою рәсімі өтті.

Screenshot_1.png

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, БӨД бас директоры Алексей Бородин, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев қатысты.

Мерейтойға арналған марка Қазақстанның өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін бейнелейді. Рәсімге қатысушылар маркаларды «Бірінші күн» арнайы штемпелімен таңбалап, естелік конверттерге қолтаңбаларын қалдырды. Сонымен қатар, халықаралық серіктестік белгісі ретінде олармен алмасты.

Марка төрт түсті офсеттік тәсілмен дайындалып, 6 маркадан тұратын парақ форматында ұсынылған. Номиналы – 800 теңге, таралымы – 3 000 дана. Дизайнын Г. Ибатолла әзірлеген, басып шығару жұмыстары ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында жүргізілді.

Бұл марканың шығарылуы өңір елдерінің көпжылдық серіктестігінің маңыздылығын айқындайды және заманауи коммуникациялар мен цифрлық трансформация саласындағы жетістіктерді дәріптеуге бағытталған.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз: «Қош келдің, Әз-Наурыз – 2026!»
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу