Түркістан облысында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

shieli.jpg

Мемлекет басшысы өз Жолдауында баға мәселесіне қатысты: «Бұл маңызды мәселе. Бағаның өсуіне ешқандай да жол бермеу керек. Әсіресе, Қазақстанда өндіріліп жатқан азық-түлік тауарларына баға өспеуі тиіс», деп ескерткен болатын.

Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аудан, қала басшыларына бірқатар тапсырма беріп, өңірдегі азық-түлік бағасы бақылауға алынған, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, қазіргі таңда Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Олар халық көп шоғырланған Түлкібас, Састөбе, Балықты, Жабағылы, Жаскешу және аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылдарында орналасқан. Жалпы әлеуметтік дүкендер іске қосылғанына бір жылдан астам уақыт өткен. Мақсаты – халықтың аз қамтамасыз етілген топтарына азық-түлікті нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзандатып сату. Әлеуметтік дүкендерге ауылдық округ әкімдіктері елдімекендердегі аз қамтамасыз етілген жанұялардың тізімін өткізіп, сол тізімдегі азаматтар жеке куәлігімен азық-түлікті арзандатылған бағамен ала алады.

Бүгінгі таңда өнімдерді жеткізетін кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалып отыр. Сондай-ақ, өз өнімдерін нарық бағасынан төмен сатылуы қадағалануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық форум өтті
  • Түркістанда өткен «Музейге сый» акциясында тұрғындардан 40-қа тарта жәдігер тарту етілді
  • Рашид Аюпов: «Түркістандағы салынып жатқан жолдардың сапасы үнемі бақылауда болады»
  • Түркістандық баскетболшы қыздар топ жарды
  • Түркістанда көпқабатты үйлерде газды тұтыну ретке келтіріледі
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика