8 айда Түркістанға 923 362 турист келген

A7DB3C0E-BB82-4ED2-9A10-89B388472F9A-750x375.jpeg

Түркістан қаласы облыс орталғына айналғалы бері мұнда тіршілік қызу қарқын алды. Облыс орталығы болғанға дейін Түркістан қаласы туризм саласындағы зор әлеуетімен танылған. ЮНЕСКО тізімне енген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бүкіл әлем назарын өзіне бұрғандығы белгілі. Аталған кесенені көру үшін дүниенің түкпір-түкпірімен мыңдаған туристер арнайы келеді. Бұл кесене тұла бойына көптеген сырды бұғып жатыр. Кесененің қалай салынғаны жөніндегі аңыз туристерді қызықтырмай қоймайды. Сонымен қатар, кесенедегі түрлі құнды жәдігерлер туристердің қызығушылыңын тудырып жатады. 

Жылдан-жылға Түркістанға келетін туристер саны артуда. Мысалы, қалалық туризм бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың 8 айында облыс орталығына – 923 362 турист келген. Оның ішінде өзге елден келгендер – 32 401, ішкі туризм бойынша қорытынды – 890 961 адамды құраған. Ал, қызмет көрсету бағытында 24 қонақ үй, 2 хостел және 63 мейрамхана жұмыс жасауда. 

Алдағы уақытта өзге елден келетін туристердің санын көбейту басты назарда тұр. Сырттан келетін туристер елге ақша әкелетіні белгілі. Туристер есебінен бюджетке түсетін салықты көбейтуге болады. Түркістан қаласы әкімдігі осы бағатта жұмыс істеп, қалада туристік нысандар санын көбейтіп жатыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда су жаңа қоғамдық көліктердің қатары артып келеді
  • «Түркістан қаласы елді бірлікке шақыратын миссиясын жалғастыра береді»
  • Түркістанда шәйнек үлгісіндегі субұрқақ іске қосылады
  • Кесене аумағына жасыл шым және гранит тастар төселуде
  • Түркістан жасыл-желекке бөленетін күн алыс емес
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика