Отырарлық қариялар Түркістандағы тарихи жерлермен танысып, ағаш отырғызды

Oinet.kz 01-10-2019 1052

Screenshot_19.jpg

Бүгін Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай аудандағы қазыналы қариялар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді. 

Рухымыз бен беделімізді асқақтатып тұрған Қожа Ахмет Ясауи және кесенеде  жерленген, қазақ тарихында өшпес іздері бар 21 хан, 19 би, 52 батыр, 8 сұлтан және өзге де жақсылар мен жайсаңдарға тағзым еткен абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар тарихымыздан сыр шертетін тарихи жәдігерлермен танысты.

Аудан басшысы Әбдіғали Жүнісов бастап келген қариялар Қожа Ахмет  Ясауидің қызы Гауһар ана кесенесіне де зиярат етті.

Screenshot_20.jpg

Сонымен қатар, артында тал қалдыруды мақсат еткен қариялар Түркістан қаласындағы көше бойына ағаш көшеттерін отырғызып,  арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.

8 айда Түркістанға 923 362 турист келген
Қызылордалық ардагерлер Түркістанның тарихи жерлерін тамашалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу