Қостанайда аудан орталығының мерейтойы барысында мәдениет үйі өртке оранды

Oinet.kz 15-10-2019 840

Қостанай облысында аудан орталығының мерейтойы өртпен аяқталды

Қостанай облысындағы аудан орталығы Қарабалықтың 90 жылдық тойы мәдениет үйінің өртенуімен аяқталды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мамандардың болжамы бойынша өрттің пайда болуына қауіпсіздік шараларының өрескел бұзылуы себеп. Мысалы, отшашу құрылғысы ғимараттан кем дегенде 50 метр қашықта тұруы тиіс. 

Қарабалықта оны мәдениет үйінен небәрі 10 метр жерде тұтатқан. Соның кесірінен көкке шашылған ұшқын шатырға түсіп, соңы қайғылы жағдайға әкелді. Ғимараттың 570 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Ғимарат былтыр күрделі жөндеуден өткен. Оған 280 млн теңге жұмсалыпты.

Бұл нысан өрт қаупі аса жоғары ғимараттардың қатарына жатады. Соңғы рет біздің мамандар тарапынан тексеру 2017 жылы жүргізілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптары толық сақталғандығы анықталды. Сондықтан былтыр бұл нысан тексеруден босатылған. Биылғы тексеру қазан айының соңында жүргізілуі тиіс болатын»,- облыстық ТЖД бастығы Талғат Кәкімов

Никаба мен абайилері болмағаны үшін қыздарды өртке оранған мектептен шығармаған
Еліне опасыздық жасаған қазақстандық ғалымды азаматтығынан айырып, елден қуды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу