Қазақстан-Ресей университеті салынатын болды

Oinet.kz 16-10-2019 881

Картинки по запросу Қазақстан Ресей

Қазақстан мен Ресей үкіметаралық комиссиясының XXI  отырысында екі ел аумағында қазақ және орыс тілін меңгеруге қолайлы жағдай жасау туралы келісім жүрді. Бұл туралы интеграция және сауда вице-министрі Қайрат Төребаев айтты. деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біз Қазақстан орыс тілін, ал Ресейде қазақ тілін үйренуге қолайлы жағдай жасауға келістік", - деді Қайрат Төребаев.

Қос тарап білім, ғылыми зерттеулер және инновациялар саласындағы әріптестіктің жол картасын әзірлеуді жоспарлап отырғанын да атап өтті.

"Екі ел арасында студент алмасу жалғасады. Ресейдің ұсынысы бойынша Қазақстан-Ресей университетін саламыз. Бұл жақсы ұсыныс. Жан-жақты зерттейтін боламыз", - деді ол.

Ресейдің жоғары білім және ғылым министрінің орынбасары Марина Лукашевич Қазақстан Ресейдің жетекші ЖОО-ның филиалдарын ашуға мүдделі екенін атап өтті.

Деревянченко Головкинмен реванш өткізу үшін барын салуда
Криштиану Роналду: «Мені осындай деңгейге жеткізгендеріңізге көп рақмет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу