Криштиану Роналду: «Мені осындай деңгейге жеткізгендеріңізге көп рақмет»

Oinet.kz 16-10-2019 955

Картинки по запросу криштиану роналду

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мәнсабындағы 700-голы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

«Осыншама гол соққаным – тамаша жетістік, әрине. Тек Украинадан жеңіліп қалғанымыз ұнжырғамды түсіріп жіберді. Маған көмектескен адамдарға алғыс білдіремін. Әсіресе командадағы әріптестерім мен бапкерлеріме алғысым шексіз. Мені осындай деңгейге жеткізгендеріңізге көп рақмет», – деді Роналду. Еске сала кетейік, 

Украина құрамасы Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына барар жолдамаға ие болды.

Қазақстан-Ресей университеті салынатын болды
Президент баспананы қолжетімді етудің тиімді жолдарын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу