Терроризмді насихаттаған 14 азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Oinet.kz 17-10-2019 875

Картинки по запросу қылмыстық іс қозғалды

"Жусан" операциясы аясында Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарылды Бұл ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп жеткен нәтиже, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған/ ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға сотталды.

"Тергеу нұсқасы бойынша Сирия жағдайында ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды", - деп хабарлады ҰҚК-да.

Қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына берілді.

Қазақстандық азаматтарға 5 күндік ақысы төленетін демалыс беріледі
Білім және ғылым саласына бірқатар өзгерістер енеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу