Алматыда жантүршігерлік жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылып түсті

Oinet.kz 21-10-2019 817

Картинки по запросу жол апаты

Алматыдағы Құлжа трассасының бойында экобекетке  жетпей науқас алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі мен қос жеңіл көлік соғысып үш адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, Nissan Maxima және Lexus GS300 автокөліктері Құлжа трассасының бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Алда кептеліс пайда болып, Maxima тоқтайды. Ал Lexus арнайы жолаққа шығып кетеді, бұл кезде науқас мінген жедел жәрдем көлігі оңтүстік бағытта келе жатқан.

Жедел жәрдем жүргізушісі апатты болдырмауға тырысқан, бірақ қолынан келмеді. Салдарынан Lexus жедел жәрдемге бар жылдамдықпен соқтығысты. Арнайы көлік аударылып қалып, кептелісте тұрған Nissan Maxima көлігін соғып кетті.

Жаппай көлік апатынан жедел жәрдем көлігінде болған науқас пен фельдшер және Lexus жүргізушісі зардап шекті. Үшеуі де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері шақыртылды.  

Жалғас Жұмағұлов: «Мені жеңу үшін қарсылас мен сияқты болу керек»
Мәскеуден Владимир Зеленскийдің егізі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу