Бір жастан енді асқан сәби 5 ине жұтып қойған

Oinet.kz 24-10-2019 971

Картинки по запросу ине жұтып қойған

Қарағандыда бір жарым жастағы қыз ине терапиясы үшін қолданатын 5 инені жұтып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24» сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Ата-анасы еденде шашылып жатқан инелерді көріп, баланың мазасыз күйіне назар аударған. Дәрігерлер шұғыл операция жасап үлгерген. Хирург дәрігерлер нәрестенің асқазанынан 3 және ішектен 2 ине алып шыққан. Операция сәтті жасалып, қазір бала үйіне шығарылды. 

Биыл экдоскопист мамандар кәмелетке толмаған балалардың түрлі заттарды жұтуына байланысты 50-ден астам операция жасағандарын мәлімдеді. Оның ішінде тиын, шеге, батарейка, түйреуіштер бар. 

Сондай-ақ осы жылы дәрігерлер ине жұтқан 14 жастағы қызға және бір жарым жасар сәбиге операция жасаған.

Елордада жолаушылар автобусы өртке оранды
Ақмолада «Volunteer.KZ» облыстық форумы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу