Дүниежүзілік бокс ұйымы Қанат Исламның жеңісіне қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 28-10-2019 967

Картинки по запросу Қанат Ислам

WBO қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквоймен (18-2, 17 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Ислам төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес жеңімпаз атанып, WBO International нұсқасы бойынша алғашқы орта салмақтағы чемпион белдігін сақтап қалды. 

«Ислам – WBO рейтингінде 8-нөмірде тұр және одан жоғары көтерілуі мүмкін. Бұл Қанат үшін ең керемет бокс кеші болмаса да, ол жеңіске жететіндей жеткілікті әрекет жасады», - деп жазды WBO.

Айта кетейік, кеше қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондоквамен қолғап түйістіріп, жеңіске жеткен болатын. 

Айқас Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Жекпе-жек он раундқа созылды. Төрешілер шешімімен Қанат Ислам жеңіп, WBO белбеуіне қол жеткізді. Ол осылайша 27-ші рет қарсыласынан басым түсіп отыр.

Жүсіп ата кесенесі аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді
Президент: «Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу