Президент: «Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым»

Oinet.kz 28-10-2019 931

Картинки по запросу Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға заңсыз түрде киік мүйізін асырмақ болған браконьерлерге қатаң жаза қолдану керектігін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твиттер парақшасында жазды, деп хабарлайды OINET.KZ.

"Браконьерлер табиғат байлығы - киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек" - деді ол өз жазбасынды.

Және президент мал ұрлығы мен мас күйінде көлік жүргізгендерге қатысты заңды да қатайту керектігін айтты.

"Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет" - деп жазды Мемлекет басшысы өз парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен сатпақ болғандар ұсталған болатын.

Дүниежүзілік бокс ұйымы Қанат Исламның жеңісіне қатысты пікір білдірді
Мереке қарсаңында Түркістандық 20 отбасы баспаналы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу