Министр жаңа ректордың жұмысына сәттілік тіледі

Oinet.kz 31-10-2019 1295

Screenshot_14.jpg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып,  оқу орнының тыныс-тіршілігімен  танысты. 

Университеттегі археологиялық топтың қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер қойылған «Өркениет көшіндегі Ұлы Дала» көрмесін, Елбасы Н. Назарбаевтың еңбектері қойылған «Назарбаев орталығы» және «100 жаңа оқулық» орталығын аралап көрді. Мұндағы жинақталған танымдық материалдар оқу орнындағы барлық ғылыми-педагогикалық құрамдағы ұстаздар мен студенттердің игілігіне пайдаланылуда.  Сондай-ақ министрге "Нұр Отан" партиясының "ІТ мамандарды даярлау" бағдарламасы аясында ашылған IT орталықтың жұмысы таныстырылды. Мұнда мектеп оқушылары ІТ-SYNYP деген атаумен 6 топ бойынша тегін білім алуда. Олар робототехника негіздері мен ІТ мамандығының алғышарттарын, анимациялық мультфильмдер дайындау технологиясын үйренуде. 

Screenshot_16.jpg

Жоғары оқу орнының ұжымымен кездесуде министр Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының Жолдауындағы білім саласына қатысты тапсырмаларды орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ жуырда тағайындалған университет ректоры Анар Қайырбекованың жұмысына сәттілік тіледі. Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесін жақсарту, жетілдіру бағытындағы басты міндеттер де назардан тыс қалмады. Кездесуде министр ұстаздардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

"Рейтинг" газеті, №42, 31 қазан, 2019 ж

Оралда зейнеткер үш күн бойы пәтерінде өмірден өткен құрбысымен тұрған
Әліпбек Өсербаев тойды дүркіретіп өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу