Оралда зейнеткер үш күн бойы пәтерінде өмірден өткен құрбысымен тұрған

Oinet.kz 31-10-2019 918

Картинки по запросу мәйіт табылды

78 жастағы оралдық зейнеткер өз пәтерінде үш күн бойы құрбысының мәйітімен бірге қамалып қалған, деп хабарлайды OINET.KZ сайты sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ол біздің үйде біраз уақыт тұрады. Бес жыл бұрын жолдасынан айырылды. Қызы Мәскеуде тұрады. Жалғыз қалған қарияға көршілер көмектесетін. Балконға шығып қараймын. Жарық жанып тұрса, бәрі дұрыс деген сөз. Соңғы аптада қарияның үйінде жарық болмады. Үйіне келген коммуналдық қызмет қағаздары да есікте қалып қойғанын көрдік", -дейді көршілерінің бірі.

Зейнеткерге жиі келіп тұратын құрбысы да көптен бері көрінбей кеткен. Бұдан соң көршілері дабыл қаға бастапты. Полицияға барып, құтқарушыларды шақырған.

Есікті ашқан кезде пәтерде қарияның құрбысының мәйіті табылды. Ал әжей есікті аша алмаған.


Абдулманап Нурмагомедов ұлының келесі жекпе-жегі туралы айтты
Министр жаңа ректордың жұмысына сәттілік тіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу