Лондонда отандық кино апталығы болады

Oinet.kz 31-10-2019 902

image.png

Қазақстандық кино апталығының салтанатты ашылуы Лондонның ең танымал кинотеатрларының бірі – Лестер-сквердегі "Vue West End" кинотеатрында өтті, деп хабарлайды baq.kz.

Іс-шара "Рухани жаңғыру"  және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламаларын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырды. Кино апталығының демеушісі "Air Astana" әуекомпаниясы болды. 

Кино апталығын режиссер Сәбит Құрманбековтың "Оралман" фильмі ашты. Шетелдік көрерменге фильмді танымал кинодраматург, фильм сценарийінің авторы Нұрлан Санжар ұсынды. Фильм көптеген халықаралық марапаттардың лауреаты болды, олардың ішінде: Мангейм-Гейдельберг (Германия) 66-халықаралық кинофестиваліндегі үздік жетістіктері үшін арнайы жүлде, ХХ Халықаралық "Religion Today" кинофестиваліндегі (Италия) SIGNIS тәуелсіз жюриінің (Бүкіләлемдік байланыс бойынша католик ассоциациясының сыйлығы) ерекше атап өтуі және т. б. 

image.png

Пікірталас аясында көрермендер фильмді көру барысында туындаған сұрақтарға жауап алып, өз әсерлерімен бөлісті. 

"Мен осында келе жатқанда не күтуді білмедім, бірақ фильмнен өте жағымды әсер алдым.  Менің ойымша, фильм Орталық Азия мен сол жердегі адамдардың бауырластығы туралы өте жағымды месседж береді. Бүкіл фильм керемет түсірілді, сценарийі де керемет. Мен достарыммен осы апта бойы тағы да бірнеше фильмдерді көру үшін қайтып келемін", – деді қонақтардың бірі.

Кино апталығы аясында көрсетілген фильмдердің көбісін Қазақстан "Оскар" сыйлығына шет тіліндегі үздік фильм номинациясы бойынша ұсынған. Лондонда "Оралманнан" басқа мынадай фильмдер көрсетіледі: 

 29 қазан – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, басты рөлді сомдаған актер Әділ Ахметов таныстыруымен режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" тарихи драмасы көрсетілді. Пікірталасты Лондон Университеттік колледжінің аға оқытушысы доктор Сет Грэм жүргізді.

- 30 қазан – Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат" фильмі ұсынылды. Тарихи кинотуындыны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, басты рөлді сомдаған актер Берік Айтжанов таныстырады. Онымен сұхбаттасуды Биркбек университетінің кинематограф пен БАҚ тарихының профессоры, Британ академиясының мүшесі Ян Кристи жүргізеді. 

-31 қазан – Ермек Тұрсыновтың "Шал" фильмі көрерменге жол тартады. Фильмді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, продюсер Қанат Төребай және Мария Патшайымы университетінің профессоры Джереми Хикс таныстырады.  1 қараша – кино апталығы "Айка" фильмінің көрсетілімімен аяқталады. Жабылу салтанатындағы фильмнің көрсетіліміне режиссер Сергей Дворцевой мен Канн кинофестивалінің сыйлығына ие болған актриса Самал Еслямова қатысады. Көрсетілімнен кейін фильмді Аберистуит университетінің кинематографияның еңбек сіңген профессоры Биргит Боймерс талқылайды.

Лауазымды тұлғалар LRT құрылысына миллиардтан астам шығын келтірген
Сыбайлас жемқорлықты хабарлағандарға 10 милллион теңгеге дейін сыйақы беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу